Қырғызстан Еуразиялық кеден одағына қосылады

Қырғызстан Кеден одағына қосылу үшін қажетті құжаттарды дайындады.

115199
Қырғызстан Еуразиялық кеден одағына қосылады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевпен кездесуінен кейін Қырғызстанның дайындық үдерісінің аяқталғанын білдірді.


«Енді бірнеше іс қалды. Одаққа мүше елдердің келісімін алу және келісімге қол қою. Артынан Қырғызстан Кеден одағының толық мүшесі болады» деді ол.


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бұдан бұрын Қырғызстанның Еуразиялық Кеден одағына 2015 жылдың 1 қаңтар күніне бастап мүше болуын сұрап, Мәскеу әкімшілігі де көмек мақсатымен Бішкекке 1,2 миллиард доллар беруге уәде еткен болатын.


Қырғызстан Ресейден Қамбарата-1 және Верхненарынск гидро электр стансалары сынды инфрақұрылымдық құрылыс жобаларын жеделдетуді сұрайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар