Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны

Қырғызстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны басталды.

120760
Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны

Ыстықкөл жағасындағы демалыс аймағы Шолпан Атада басталған ойын көшпенді қоғамдардың ұлттық спорт түрлерін дамытып, таныстыруды мақсат етеді.


Кеше басталған ойынның шымылдығын ел президенті Алмазбек Атамбаев ашты.


Түркия президенті Ердоғанның құттықтауы да үлкен экраннан көрсетілді.


Атамбаев беташарда сөйлеген сөзінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия басшыларына аталмыш ойынның Қырғызстанда өткізілуіне орай берген қолдауы үшін алғыс білдірді.


Мемлекет басшысы көшпенді халықтарының ойындарының халықтардың достық және бірлігін нығайтуға септігін тигізетінін айтты. «Өткен ғасырда картадан көптеген ел жойылды. Көптеген халық жоқ болып кетті. Бірақ көшпенді өркениеті жасап келеді. Көшпенді өмірдің күші өзгерген әлемде табиғатқа тәуелділігінде» деді ол.


Ашылу салтанатында қырғыз ұлттық киімдерімен қыздар би билеп, экранда көшпенді тұрмыстан көріністер жарияланды. Артынан қырғыз тарихшы және әдебиетшілерінің суреттерімен қоса спорт түрлерінің бейне көріністері берілді.


Беташарда көшпенді қоғамдардың тұрмысы баяндалды.


Тұңғыш рет ұйымдастырылған көшпенді ойындарына Қырғызстан, Түркия мен Қазақстан ең көп спортшымен қатысуда.


1-ші Көшпенді ойындары аясында көкпар, қырғыз күресі, алыс, аударыспақ, ат шабыс, жорға шабыс, қыз қуу, құнан шабыс, тоғыз құмалақ сайыстары өтеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар