70 мың шегемен Ердоғанның портретін салып шықты

Суретші Ердоғанның 70 жасқа толуына орай арнайы портрет дайындады.

2108102
70 мың шегемен Ердоғанның портретін салып шықты
kırgız2.jpg

Қырғыз суретші 70 мың шеге мен сым арқылы Президент Ердоғанның портретін жасап шықты.

Түркия Президенті Ердоғанның 70 жасқа толуына орай арнайы портретті дайындаған Азамат Жаналиев "Мен Президент Ердоғанның портретін 7 айда 70 мың шеге мен сым соғу арқылы жасадым. Бұл -әлемдік рекорд және ол менің рекордым" деді.

 Филография өнерімен 8 жылдан бері айналысып келе жатқан 38 жастағы Азамат Жаналиев АА тілшісіне бұл портретін бірнеше жыл бұрын жоспарлағанын айтып, "Мен Президент Ердоған мырзаның портретін 7 айда шеберханамда 70 мың алтын түсті шеге мен сымды соғу арқылы дайындадым" деді. Ердоғанды Түркі әлемінің атасы және әлемдік көшбасшы деп санайтынын айтып Жаналиев "Менің бұл еңбегім - тарих үшін де, біз үшін де үлкен мұра" деді өз сөзінде.

Портреттің салмағы 150 келі, биіктігі 3 метр 30 сантиметр, ені 1 метр 80 сантиметр", - деді суретші. Сонымен қатар шебер өз туындысын Президент Ердоғанға ұсынғысы келетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар