Ташкентте Медицина туризмі көрмесі ашылды

Көрмеге түрік инвесторлар қатысып отыр.

2043123
Ташкентте Медицина туризмі көрмесі ашылды

Түркиядан аурухана және денсаулық туризмі агенттіктерінің өкілдері қатысқан Өзбек-Түрік Медициналық қызметтер және Медицина туризмі көрмесі (Health Uzbekistan-2023) Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте басталды.

Биыл екінші рет өткізіліп отырған көрменің ашылу салтанатына Түркияның Өзбекстандағы өкілетті елшісі Олган Бекар, Өзбекстан Денсаулық министрлігі департамент басшысы Джелаледдин Асамыддинов және көптеген қонақ қатысты.

Асамыддинов өз сөзінде елде медицина жүйесінің жетілдірілуі мақсатында шетелдердің медицина жүйелері және тәжірибелерінен пайдалану үшін түрлі бизнесс форумдар мен шаралар ұйымдастырылғанын,  медицина саласына инвестиция салатын іскерлер үшін қажетті жағдайды қамдайтындарын тілге тиек етті.

Өкілетті елші Бекар да Түркияның медицина саласына салған инвестициялары, халықаралық табыстарға жеткен дәрігерлері және медицина саласындағы жаңалықтарға жылдам үйлесімділік көрсетуі арқасында әлемде таңдаулы елдер қатарында екенін айтты.  Ол Түркияның осы саладағы инвестицияларының Өзбекстанға қажетті екенін,  осындай шаралардың түрік инвесторларын Өзбекстанның медицина саласына бағыттау үшін маңызды екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар