Ташкенттегі жарылыста бір адам қаза тапты

Президент Шавкат Мирзиеевтің нұсқауымен үкімет комиссиясы құрылды.

2043490
Ташкенттегі жарылыста бір адам қаза тапты

Өзбекстанның бас қаласы Ташкенттегі жарылыста бір адам қаза тапты,  163 адам жарақат алды.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлама жариялап,  Ташкенттің Сергелі ауданындағы бір компанияның қоймасында жарылыс болғанын білдірді.

Денсаулық сақтау министрлігі жарылыста бір адамның қаза тапқанын,  163 адамның жарақат алғанын хабарлады. Жараланғандардың 24-і ауруханаға жеткізілді.

Жарылыстан кейін шыққан өртті өрт сөндірушілер сөндірді. Премьер-министр Абдулла Арипов оқиға болған жерге келіп, тексеру жүргізді.

Президент Шавкат Мирзиеевтің нұсқауымен вице-премьер Ачылбай Раматов басшылығында үкімет комиссиясы құрылды.



Ұқсас жаңалықтар