Өзбекстан президенті Республика күніне орай Ердоғанға телефон шалды

Өзбек басшы Түркия Республикасының 100 жылдығымен құттықтады.

2057388
Өзбекстан президенті Республика күніне орай Ердоғанға телефон шалды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркияның 100 жылдығына орай Президент Режеп Тайып Ердоғанды құттықтады.

Мирзиеев «Сіздермен бірге халықтарымыздың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және алға қойған мақсаттарға жету үшін келіскен барлық ірі жобалар мен бағдарламаларды толықтай жүзеге асырамыз» деді.

Мирзиеев Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойын құттықтай отырып, президент Ердоған мен түрік халқына өзбек халқының ізгі ниеті және ықыласын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар