Өзбекстанмен сауда айналымы 3,5 миллиард долларға жетті

Анкарада Түркия-Өзбекстан бизнес форумы болды.

2080965
Өзбекстанмен сауда айналымы 3,5 миллиард долларға жетті

Вице-президент Джевдет Йылмаз Өзбекстанмен екіжақты сауда айналымының 3,5 миллиард долларға жеткенін айтты.

Йылмаз 5 миллиард долларлық сауда мақсатына тез арада қол жеткізілетінін білдірді.

Джевдет Йылмаз ел астанасы Анкарада өткен Түркия-Өзбекстан бизнес форумында сөз сөйледі. Түркияның Өзбекстанға ең көп экспорттаған елдер арасында үшінші, импортта бесінші орында екенін атап көрсеткен Йылмаз бұл көрсеткішті одан да жоғарылататындарын білдірді.

Йылмаз «Өзбекстанмен екіжақты саудамыз 3,5 миллиард долларға жетті, Өзбекстанға инвестициямыз 1,5 миллиард долларды құрады, 1700-ден астам фирмамыз Өзбекстанның әртүрлі аймақтарында қызметін жалғастыруда» деді.

Вице-президент екі ел арасындағы сауда мақсатының 5 миллиард доллар деп айқындалғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар