Бердімұхамедов бірінші рет Түркияға келеді

Түрікменстан президенті Ердоғанмен кездеседі.

2055659
Бердімұхамедов бірінші рет Түркияға келеді

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов 25-26 қазан күндері арасында Түркияға тұңғыш ресми сапарын ұйымдастырады.

Сапарында президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесетін Бердімұхамедов екі жақты және көп жақты ынтымақтастық тақырыптарын қолға алады.

Тәуелсіздігін 1991 жылдың 27 қазан күні жариялаған Түрікменстанды 16 желтоқсан күні Түркия бірінші болып таныды. Түрікменстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 29 ақпан күні басталды.

Екі ел арасында барлық салада қарым-қатынастар жалғасып келеді.

Түрікменстан түрік компанияларының Ресейден кейін ең көп жұмыс істеген екінші ел ретінде белгілі.



Ұқсас жаңалықтар