Вице-президент Батыр Атдаевпен кездесті

Президенттік сарайдағы кездесуде екі ел арасында экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың нығайтылуына бағытталған жұмыстар қолға алынды.

2056012
Вице-президент Батыр Атдаевпен кездесті

Вице-президент Джевдет Йылмаз Түрікменстан Министрлер кабинеті вице-президенті Батыр Атдаевпен бас қосты.

Анкарада Президенттік сарайдағы кездесуде екі ел арасында экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың нығайтылуына бағытталған жұмыстар қолға алынды. Вице-президент кездесуде Палестина-Израиль қақтығысына тоқталды.  Түркияның тұрақты шешім табу үшін дипломатиялық байланысты арттырғанын және қызудың төмендеуі үшін президент Ердоғанның басшылығында қолынан келгенді атқарғанын тілге тиек етті.

Атдаев болса Палестина-Израиль қақтығысын қайғымен бақылағандарын, бейбітшілік орнауын тілейтіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар