Түрікменстанды Түркі Мемлекеттері Ұйымының толық мүшесі ретінде көргісі келетінін айтты

Түрікменстан президенті Түркияға келді.

2056529
Түрікменстанды Түркі Мемлекеттері Ұйымының толық мүшесі ретінде көргісі келетінін айтты
Berdimuhamedov-Erdogan1.jpg
Berdimuhamedov-Erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанды Түркі Мемлекеттері Ұйымының толық мүшесі ретінде көргісі келетінін айтты.

Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен Президенттік оңаша кездесті. Екі елдің делегациялары бас қосқаннан кейін Түркия мен Түрікменстан арасында келісімдерге қол қойылды.

Қол қою рәсімінен кейін Ердоған мен Бердімұхамедов ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. Осында сөз сөйлеген президент Ердоған бұл сапардың Бердімұхамедовтың президент ретінде Түркияға жасаған алғашқы сапары болғандықтан ерекше мәнге ие екеніне назар аударып, “Ортақ тарих, тіл, дін және мәдениетке негізделген қарым-қатынастарымыз күн санап дамып келеді” деді.

Кездесулер барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың барлық аспектілерін қолға алғандарын және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылағандарын атап көрсеткен Ердоған Бердімұхамедовпен Түрікменстанның тұрақты бейтараптық мәртебесі негізінде, әсіресе Газа секторы мәселесі жөнінде пікір алмасқанын білдірді.

Көптеген мәселеде Түрікменстанмен көзқарастары ұқсас екенін айтқан Ердоған “Әлемдегі және әсіресе біздің аймақтағы болып жатқан оқиғалар Түркі Мемлекеттері Ұйымы шаңырағындағы бірлігіміздің маңыздылығын айқындап берді. Біз Ұйымның бақылаушы мүшесі болып табылатын Түрікменстанды толық мүше ретінде көргіміз келетінін тағы да атап өткім келеді” деді.

Түрікменстан президенті Бердімұхамедов та болашақта достық, сыйластық және өзара теңдік қағидаттарына негізделген стратегиялық түркімен-түрік ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға дайын екендерін растады. Бердімұхамедов Ердоғанмен Түрікменстанның табиғи газы мен электр қуатының Каспий теңізі арқылы Түркияға тасымалдануын талқылағанын айтты.

Президент Ердоған Бердімұхамедов құрметіне кешкі ас берді.



Ұқсас жаңалықтар