Әйелдер үшін ең сенімді ел - Түрікменстан

Орталық Азия елдері арасында әйелдер тұрғысынан екі сенімді екінші ел – тізімде 70-ші кезектегі Қазақстан.

2058293
Әйелдер үшін ең сенімді ел - Түрікменстан

Түрікменстан «2023 Women Peace and Security Index»-те (Әйелдердің тыныштығы мен қауіпсіздігі индексі WPS) 177 ел арасында 58-ші орында.

Орталық Азия елдері арасында әйелдер тұрғысынан ең сенімді екінші ел – тізімде 70-ші кезектегі Қазақстан. Артынан Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан келеді.

Басқа аймақ елдері арасында әйелдердің ең сенімді жерлері – Дания, Швейцария және Швеция. Ең сенімсіз елдер болса – Ауғанстан, Йемен, Орталық Африка Республикасы.

Әйелдердің тыныштығы мен қауіпсіздігі индексі қалыптастырылған кезде елдердегі жағдай 13 критерияға қарай қаралады және осы критериялар үш категорияға бөлінеді:

  • Инклюзивтілік: білім беру, қаржы қызметтеріне қолжетімділік, жұмыс таба алу, мобильдік телефон қолдану, әйелдердің парламенттегі орны
  • Әділет: құқықтық жікшілдіктің болмауы, соттарға қолжетімділік, ана өлім-жітімі,
  • Қауіпсіздік: серігінің зорлық-зомбылығы, әйелдердің қоғамда өзін сенімді сезінуі, әйелдерге қарсы саяси зорлық-зомбылық, қарулы қақтығысқа жақын болу.

Осы есеп БҰҰ, Әлемдік банк деректері және басқа да жаһандық сауалнамалардың нәтижесіне қарай дайындалады.



Ұқсас жаңалықтар