Түрікменстанда Ататүрік еске алынды

Салтанатты шара барысында саябақтағы Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

2062814
Түрікменстанда Ататүрік еске алынды

Түркия Республикасының негізін қалаушы, ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүрікті дүниеден өткеніне 85 жыл толуына орай Түрікменстанда салтанатты түрде еске алды.

Ел астанасы Ашхабадтағы Ататүрік саябағында өткен салтанатты шараға Түркияның Түрікменстандағы елшісі Тоған Орал, қала әкімінің орынбасары Байраммұрат Гурбанов, Ашхабад түрікмен-түрік мектебінің ұстаздары мен оқушылары, елдегі түрік азаматтары мен баспасөз өкілдері қатысты.

Бір минуттық үнсіздіктен кейін Түркия және Түркіменстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Артынан  салтанатты шарада сөз сөйлеген Елші Орал Ататүріктің өз дәуірінен асқан данышпан болғанын, оның жоғары гуманитарлық және көшбасшылық қасиеттерімен қатар, үміт таусылды деген кезде халықты қайта жандандыра білгенін айтты. Орал Ататүріктің «ұлт тағдырын тек ұлттың өзі шешеді» деген сенім арқылы күйреген елдің рухына қайта  үміт пен қуат бергенін білдірді.

Елші Орал Түркіменстандағы Ататүрік атындағы саябақта Ататүрікті бауырлас түрікмен мемлекетінің өкілдерімен бірге еске алудың үлкен қуаныш екенін атап өтті.

Салтанатты шара барысында саябақтағы Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.



Ұқсас жаңалықтар