Джевдет Йылмаз  Түрікменстан Президенті Бердімұхамедовпен кездесті

Вице-президент Джевдет Йылмаз Түркіменстанға барды.

2073297
Джевдет Йылмаз  Түрікменстан Президенті  Бердімұхамедовпен кездесті

Вице-президент Джевдет Йылмаз 7-ші мерзімді Түркия-Түрікменстан үкіметаралық экономикалық комиссиясы жиналысына қатысу үшін Түркіменстанға барды.

Йылмазды сапары аясында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады.

Йылмаз Рухият сарайындағы кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде: «Түркіменстан жылдан жылға дамып, өркендеп келе жатқан мемлекет. Арамызда өте жақсы ынтымақтастық бар. Бұл ынтымақтастық Түркияның да, Түрікменстанның да даму үдерісіне үлкен қолдау болады. Өзара сапарлар және бірлескен жұмыстармен екі елдің дамуына үлес қосамыз. Түркия мен Түрікменстанның бауырластығы мәңгі жасасын» деді.

Вице-президент Йылмазмен бірге келген делегация бұдан кейін Түрікменстанның Тәуелсіздік ескерткішіне  барып, гүл шоқтарын қойды.



Ұқсас жаңалықтар