Түрікменстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға барды

Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Талибан әкімшілігінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Эмирхан Муттакимен кездесті.

2077968
Түрікменстан Сыртқы істер министрі Ауғанстанға барды

Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов жұмыс сапарымен Ауғанстанда Талибан әкімшілігінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Эмирхан Муттакимен кездесті.

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министр Мередов бастаған делегация жұмыс сапарымен Ауғанстанның Герат провинциясына барды.

Мередов сапар аясында Талибан әкімшілігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Эмирхан Муттакимен кездесті.

Кездесуде түрікмен және ауған компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан энергетика және көлік жобаларын қарастырды.

Түрікмен делегациясы Талибан әкімшілігінің Кен және мұнай министрінің орынбасары Шахабуддин Дилавермен, сондай-ақ Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Нуреддин Азизимен кездесті.

Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты қамтитын түрлі мәселелер талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар