Президент Ердоған  Түрікменстанның құрметті ақсақалы атанды

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Ердоғанға «Түрікменстанның құрметті ақсақалы» атағын берді.

2107558
Президент Ердоған  Түрікменстанның құрметті ақсақалы атанды

Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 70 жасқа толды. Осыған байланысты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Ердоғанға «Түрікменстанның құрметті ақсақалы» атағын берді.

Осы орайда Бердімұхамедов Ердоғанға құттықтау хатын жолдады.

Бердімұхамедовтың айтуынша, елдің сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі Түркиямен түрлі салалардағы стратегиялық және ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды дәйекті түрде дамытып, нығайту болып табылады. Түрікменстан Президенті сондай-ақ екі елдің халықаралық ұйымдар, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түрік Мемлекеттері Ұйымы аясындағы табысты ынтымақтастығын атап өтті.

Оның айтуынша Түркия Түрікменстанның ірі сыртқы сауда серіктестерінің бірі болып табылады және елдегі экономикалық жобаларды жүзеге асыруға қатысатын көптеген түрік компаниялары Түрікменстан экономикасын әртараптандыруға және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуда.

Бердімұхамедов Ердоғанды барша түрікмен халқының атынан шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және отбасылық келісім, ал Түркия Республикасының халқына бейбітшілік, одан әрі даму мен гүлдену тіледі.



Ұқсас жаңалықтар