Микаил Мушфиг Бакуде еске алынды

Түркі әлемі ақындары Микаил Мушфигті еске алу үшін Бакуде бас қосты.

84984
Микаил Мушфиг Бакуде еске алынды


Түркі әлемі әзірбайжандық ақын Микаил Мушфигті ұмытпады.
Түркі әлеміне танымал ақын Микаил Мушфигтің дүниеге келген күні Әзірбайжанда «Ақындар күні» атымен тойланады.
Осы аяда Түркия Республикасының Баку өкілетті елшілігі Мәдениет және туризм хатшылығының талпынысымен Түркі әлемі ақындары Бакуде бас қосты.
«Ақындар күні» іс-шарасына Фикрет Коса, Ахмет Саргын, Селим Бабуллаоғлұ, Гулу Аксес қатарлы танымал ақындар, әдебиетшілер мен өнерпаздар қатысты.
Қатысушылар алдымен Микаил Мушфигті еске алу мақсатымен теңізге гүл тастады.
Ұлттық шығармаларына орай Кеңестер Одағы тарапынан өлімге үкім етілген ақынның мәйіті теңізге тасталған болатын.
Іс-шарада Түркі әлемі ақындары өлең оқыды.
Өнерпаз Решад Илиязовтың әні баршаны тәнті етті.
Баку өкілетті елшілігі Мәдениет және туризм хатшысы Сейіт Ахмет Арслан Түркі әлеміне қызметтеріне орай кейбір ақындарға алғыс пакетін тапсырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар