Әзірбайжан мен Түркия дәрігерлері бас қосты

Бакуде құлақ, мұрын мен тамақ дәрігерлері конгресі өтті

89472
Әзірбайжан мен Түркия дәрігерлері бас қосты

Әзірбайжан мен Түркия арасында құрылған достық пен бауырластық көпіріне дәрігерлер де үлесін қосты.Екі елдің дәрігерлері Әзірбайжанда өткен халықаралық конгресте бас қосты.


Астана Бакуде өткен конгресті Жақын Еуразия мен Африка құлақ,мұрын мен тамақ қауымдастығы ұйымдастырды. Конгреске Түркия мен Әзірбайжаннан және басқа елдерден осы салада жұмыс істейтін көптеген маман қатысты.


Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ұйымдастыру комитетінің төрағасы Назым Касымов Әзірбайжан мен Түркия арасында денсаулық секторында мықты ынтымақтастық орнағанын тілге тиек етті және соңғы үш жыл ішінде екі елдің дәрігерлерінің қатысуымен 13-тен астам конференция өткізілгенін айтты.


Конгресте әлемде құлақ, мұрын мен тамақ саласында блып жатқан жаңалықтар мен жаңа емдеу тәсілдері талқыланды және Түркия мен Әзірбайжанда жұмыс істейтін дәрігерлер арасында тәжірибе алмасу мақсатымен іс шаралар ұйымдастырылуы керектігіне назар аударылды.

 Жиында конгресті ұйымдатыруға ат салысқан қауымдастыққа мақтау грамотасы табыс етілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар