Иракта қақтығыстар жалғасып жатыр

Сепаратистер түрікмен қаласы-Телаферді басып алды

96623
Иракта қақтығыстар жалғасып жатыр


Иракта ИЛИМ сепаратистері Түрікмендер тығыз орналасқан Телафер қаласын басып алды.
Қаладағы қақтығыс кезінде 100-ден астам адамның қаза тапқаны білдірілді.
Қақтығыстар әлі жалғасып жатыр; 150 мың түрікмен қаланы тастап кеткен.
ИЛИМ әскерлері жексенбі күні шабуыл жасаған Телафер қаласын таңға жақын басып алды.
Негізінен қала террористердің қолында болса да кейбір жерлерде әлі қақтығыстар жалғасып жатқаны туралы мәліметтер бар.
Телефон байланысы өте нашар болғандықтан қала туралы нақты мәліметтер алу қиынға соғып отыр.
Қалада бір аурухананы Ирак ұшақтары бомбалағанын және көптеген адамның қаза тапқаны туралы да хабар келді.
Ирак қауіпсіздік күштерінің қаладан шегінген кезде полиция әкімшіліктерінде қамауда отырған ондаған түрікменді өлтіріп кеткені туралы да қауесет жайылды.
Қаладан қашқан түрікмендер пешмергелердің бақылауындағы Докух пен Синжар аймақтарына кетіп жатыр.
Түрікмендер пешмергелер мен Ирак қауіпсіздік күштерінің өздеріне ешқандай жәрдем бермегенін білдіруде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар