Ирактағы соңғы жағдай

Ирак түрікмендерінің көсемі Шахап Чолак соңғы жағдай туралы мәлімет берді

95967
Ирактағы соңғы жағдай

Ирак түрікмендері қозғалысы басшысының орынбасары Шахап Чолак Телафердегі соңғы жағдайды ТРТ-Хабар телеарнасы арқылы білдірді.
Шахап Чолак ИЛИМ террор ұйымының Мосулда қолға түсірген ауыр қару-жарақтар арқылы Телаферді қоршап алғанын айтты.
«Телафер мен айналасында ешқандай әскер қалған жоқ» деген Чолак, «Бірақ полиция күштері мен халық Телаферді қорғауға тырысып жатыр» деді.
Чолак сондай-ақ бомабалау нәтижесінде 20-ге жуық адамның қаза тапқанын және 50 шамасында жаралы бар екенін білдірді.
Ирак Түрікмендері қозғалысы басшының орынбасары Шахап Чолак Түркияның үнемі түрікмендерге қолдау көрсеткенін де тілге тиек етті


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар