Әзірбайжанда НАТО семинары өтуде

Әзірбайжанда «Оңтүстік Кавказда қиыншылықтар мен орайлар» тақырыпты семинар ұйымдастырылды.

97262
Әзірбайжанда НАТО семинары өтуде


НАТО Парламентарлар Ассамблеясы Әзірбайжанда «Оңтүстік Кавказда қиыншылықтар мен орайлар» тақырыпты семинар ұйымдастырды.
Семинар аясында өткізілген жиналыстарға Әзірбайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Октай Еседов, НАТО Парламентарлар Ассамблеясының төрағасы Хью Бейли, Халықаралық азаматтық ұйымдарының мүшелері және НАТО-ға ортақ елдердің өкілдері қатысты.
Осы өкілдер арасында Армениядан басшылар да бар.
Жиналыста «Қарабах мәселесінің шешім процесі», «Қырым дағдарысы және оның Оңтүстік Кавказға әсері», «Энергия қауіпсіздігі», «Иран мен аймақтық қауіпсіздік» тақырыптары талқыға түсті.
Алайда жиналысқа таңба басқан тақырып Қарабах мәселесі болды.
Тақырыпқа байланысты НАТО Парламентарлар Ассамблеясының төрағасы Хью Бейли Қарабах мәселесінің соғыс арқылы шешілмейтінін білдірді.
Жиналыстағы баяндамаларда Арменияның жаулап алушы тұғыры сынға алынды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің төрт шешім қабылдағаны ескертіліп, армяндардың жаулап жатқан Таулы Қарабах территориясынан қысқа уақытта шегінулері керектігі дәріптелді.
Осы сөздерге орай армян лауазымдылар семинарды протест етуге талпынды.
Армян өкілдер Әзірбайжан тарапына Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Минск тобын таратуды ұсыныс етті.
Семинар ертең аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар