ИЛИМ сепаратистері 3 ауылды басып алды

Чардағлы, Биравжылы мен Караназ ауылдары террористердің қолында

98860
ИЛИМ сепаратистері 3 ауылды басып алды

Ирактың Селахаддин қаласының Тузхурмату ауданына қарасты үш ауылдың ИЛИМ сепаратистерінің қолына өткені білдірілді.
ИЛИМ әскерлері Тузхурмату ауданының 15 шақырым оңтүстігінде орналасқан және негізінен түрікмендер тұратын Чардағлы, Биравжылы мен Караназ ауылдарын қоршап алды.
Ауыл тұрғындары мен ИЛИМ сепаратистері арасында шыққан қақтығыстар екі сағатқа созылды. Үш ауыл да кеше кешкісін ИЛИМ әскерлерінің қолына өтті.
Караназ ауылының тұрғыны Хади Керим сепаратистердің зеңбірек оғымен ауылды атқылағанын айтты. Оқтары таусылғаннан кейін ауылды тастап кетуге мәжбүр қалғандарын білдірген Керим қақтығыстар кезінде 3 ауыл тұрғынының қаза тапқанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар