Түрікмендерге жәрдем берілді

Мосулдан қашқан түрікмен бауырластарға азық-түлік жеткізілді.

98546
Түрікмендерге жәрдем берілді


Түрікмен бауырластарға жәрдем жолданды.
Мосулдағы қақтығыстардан қашып, Ирак Күрдістан аймақтық әкімшілігін паналаған түрікмендерге жәрдем жеткізілді.
Сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлұ Түркиядан дайындалған жәрдем заттарының аймаққа жеткенін хабарлады.
Аймақтағы түрікмендерге 15 мың адамдық азық-түлік және 250 дана шатыр жолданды.
Қызылай да 10 мың көрпе-жастық пен 2 мың төсек-орынды аймаққа жеткізді.
Түркиядан жиналған 2 мың асхана жабдығы мен 217 мың құты дәрі-дәрмек те Дохукқа жеткізілді.
Қақтығыс жалғасқан Телафер Синжар аймағындағы жағдайдың шұғыл екенін білдірген Дауытоғлұ Солтүстік Ирактан 20 мың адамға жететін азық-түлік жиналып, жолға шығарылғанын жариялады.
Иракта тұрақтылықтың орнауы талпынысы басты орында екенін айтқан Дауытоғлұ Бағдатпен және басқа елдермен кездесулердің де жалғасқанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар