Әлиев Конституцияға қолын қойып тұрып, ант берді

Ант беру рәсімі Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің жалпы жиналыс залында өтті.

2102245
Әлиев Конституцияға қолын қойып тұрып, ант берді

Әзербайжанда 7 ақпан күні өткен кезектен тыс президенттік сайлауда 92,12 пайыз дауыспен жеңіске жеткен Ильхам Әлиев Әзербайжан Конституциясына қолын қойып тұрып, ант берді.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде қайта сайланған Ильхам Әлиев үшін ант беру рәсімі өтті. Министрлер, парламент мүшелері, елде қызмет ететін елшілер және жоғары дәрежелі қонақтар қатысқан ант беру рәсімі Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің жалпы жиналыс залында өтті.

Әлиев Әзербайжан Конституциясына оң қолын қойып тұрып «Президенттігімде Әзербайжан Конституциясын ұстануға, мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқыма еңбегіммен қызмет етуге ант етемін» деді.

Әзербайжанның мемлекеттік әнұраны айтылған соң Әлиев Құран Кәрімді қолына ұстап «Мен Әзербайжан халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ұлттық-рухани құндылықтары мен дәстүрлеріне адал болып қала беремін және оларды әрқашан дәріптеймін» деді.

Президент Әлиев ант қабылдағаннан кейін бас қолбасшы ретінде Әзербайжан туын сүйді.



Ұқсас жаңалықтар