Әзербайжан соғыста жоғалған әскерлерін іздестіруде

Әзербайжан Армениямен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

2102417
Әзербайжан соғыста жоғалған әскерлерін іздестіруде

Әзербайжан 1-ші Қарабах соғысында жоғалған азаматтарының тағдырын анықтау үшін Армениямен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Әзербайжанның тұтқын, хабарсыз кеткен және кепілге алынған азаматтарына жауапты мемлекеттік комиссиясы жасаған мәлімдемеде 1990 жылдардың басындағы 1-ші Қарабах соғысында 3 мың 890 Әзербайжан әскері мен бейбіт тұрғынның жоғалып кеткені, олардың тек 25-інің ғана мәйітінің табылғаны атап көрсетілді.

Арменияның тиісті мекемесінен әскери операцияларда із-түссіз жоғалған адамдардың тағдырын анықтауда ынтымақтасуға дайын екендіктері туралы мәлімдемелер жасағаны, мұны Әзербайжанның құптағаны және Әзербайжанның күш-жігерді біріктіруді жақтайтыны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Хабар-ошарсыз кеткен азаматтарымыздың жерленген орындарын іздеу барысына, топтық мазарлардың орындары туралы жеткілікті ақпаратқа ие болған және 1994 жылға дейін Арменияның әскери операцияларын жүргізген қолбасшылар мен басқа да лауазымдыларды қосу керек. Екі тарапқа тиесілі жоғалған тұлғаларды іздеу үшін айқындық пен ашықтық қағидаттарын сақтай отырып және өзара сенімдік ортада Арменияның тиісті мекемелерімен ынтымақтасуға дайынбыз» деді.

Комиссияның мәлімдемесінде сондай-ақ Әзербайжан тарапының 2-ші Қарабах соғысынан кейін 1 713, 2022 жылы 12-14 қыркүйек күні болған қақтығыстардан кейін 157, 2023 жылы 19 қыркүйек күнгі терроризмге қарсы күрес операциясынан кейін 173 мәйітті Арменияға қайтарғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар