Ильхам Әлиев Түркияда

Әлиев 7 ақпанда елінде өткен президенттік сайлаудан кейін алғашқы ресми сапарын Түркияға ұйымдастырды.

2103981
Ильхам Әлиев Түркияда

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 7 ақпанда елінде өткен президенттік сайлаудан кейін алғашқы ресми сапарын Түркияға жасады.

Коммуникация басқармасының мәлімдемесінде «Президентіміз Режеп Тайып Ердоған мырзаның шақыруына жауап ретінде Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев мырза 18 ақпанда елімізге ресми сапармен келеді. Сапар 7 ақпанда Әзербайжанда өткен президенттік сайлаудан кейінгі Әлиевтің екіжақты деңгейдегі алғашқы шетелдік сапары болмақ» деп айтылды.

Мәлімдемеде 19 ақпан дүйсенбі күні өтетін кездесулерде Түркия мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жан-жақты қарастырылып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдету үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар