Қырғызстан  парламенті «шетелдік өкілдер туралы» заң жобасын мақұлдады

Қырғызстанның 30-дан астам депутатының бастамасымен «шетелдік өкілдер туралы» заң жобасы күн тәртібіне әкелінді.

2106007
Қырғызстан  парламенті «шетелдік өкілдер туралы» заң жобасын мақұлдады

22 ақпанда өткен дауыс беруде қаралып отырған заңға 64 депутат «иә» деп дауыс берсе, 5 депутат «жоқ» деп дауыс берді.

Заңға қарсылық білдірген депутаттардың бірі Дастан Бекешев бұл заң ел экономикасына кері әсерін тигізіп, білім беру мен ауыл шаруашылығы сияқты шетелдік қаржыдан пайда көретін салаларға әсер ететінін алға тартты.

Заң жобасын жазған депутат Надира Нарматова бұл заң елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет және осыдан 10 жыл бұрын қабылдануы керек еді дегенді алға тартты.

Қырғызстанның 30-дан астам депутатының бастамасымен «шетелдік өкілдер туралы» заң жобасы күн тәртібіне әкелінді. Кейбір депутаттар заң жобасы жарияланғаннан кейін қатты сынға ұшырауына орай  қолтаңбаларын  қайтарып алды.

Бұған бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де Қырғызстанда қабылданған заңға алаңдаушылық білдіріп, басқа елдерде мұндай заңдардың теріс салдарын байқағандарын айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар