Қазақстанда Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойы тойланды

Елордада өткен іс-шарада ақынның өмір жолы мен шығармалары еске алынды.

2106381
Қазақстанда Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойы тойланды

Түрікменнің ұлы ақыны, ойшылы Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай мерекелік іс-шара Қазақстанда өтті.

Түрікменстанның Қазақстандағы Елшілігі тарапынан ұйымдастырылған іс-шараға ғалымдар, дипломаттар, өнер қайраткерлері және студенттер қатысты.

Түрікменстанның Қазақстандағы Елшісі Батыр Режепов: “Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған іс-шара біздің өлкемізде де, шет мемлекеттерде де кең көлемде аталып өтілуде. Қазақ ақыны, әрі ағартушысы Абай Құнанбаев пен Мақтымқұлы Пырағының ортақ тұстары көп.

Осы аяда Түрікменстанның астанасы Ашхабадта Абай атамыздың ескерткіші, ал Астанада Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші орнатылады” - деді.

Шарада қазақстандық ғалымдар Мақтымқұлы Пырағының өмірі туралы мәліметтерге орын беріп, еңбектерін оқып шықты. Ал Түрікменстаннан келген әншілер ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін орындады.

Еске алу жиынының соңында Мақтымқұлы Пырағының қазақ тіліне аударылған өлеңдер кітабы Қазақстанның Сирек кітаптар мен колжазбалар орталығына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар