Анкарада қырғыз ақын ұлықталды

Қырғыз халқының танымал ақын-жырауы Барпы Алыкуловты еске алу іс-шарасы өтті.

2108482
Анкарада қырғыз ақын ұлықталды
Barpı_Alıkulov_KZ-kazakça_Kırgız
Barpı_Alıkulov_KZ_kazakça_Kırgız
Barpı_Alıkulov_KZ_kazakça_Kırgız
Barpı_Alıkulov_KZ_kazakça_Kırgız

27 ақпан күні Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (Түріксой) ұйымдастыруымен Анкара қаласында түркі әлеміне ортақ ақын, қырғыз халқының танымал жырауы, туылғанына 140 жыл толған Барпы Алыкуловты еске алу іс-шарасы өтті.

Конференцияны Түріксойдың бас хатшысы Сұлтан Раев, Қырғыз Республикасының Түркиядағы елшісі Руслан Казақбаев және Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы уәкілетті өкілі Әбсаттар Сырғабаев ашты.

Шарада Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев сөзін «Барпы Алыкулов шығармашылығы қырғыз халқының ғана емес, түркі әлемін қызықтыратын әмбебап қасиеттерге ие, Барпы өлеңдері ортақ түркі әлемінің мәдениетінің көрінісі, сондықтан да ақын шығармаларын тану мен тарату арқылы олардың ұмытылмауын қамтамасыз ету – Түріксойдың басты міндеттерінің бірі» деп аяқтады. Сонымен қатар ол ақын шығармалары қазақ, түрік тағы басқа тілдерге аударылып бастағанын сөзге тиек етті.

Бұдан кейін сөз кезегін алған Қырғыз Республикасының Түркиядағы Елшісі Руслан Қазақбаев Барпы Алыкуловтың көркем тұлғасы мен шығармаларының философиялық тереңдігіне тоқталып, «Түркі әлемінің мәдени бірлігі бүгінгі әлемде өте маңызды қажеттілік. Біз - бір тамырмен қоректенетін ұлы ағаштың бұтақтарымыз. Бірлігімізді, ынтымағымызды, бауырластығымызды нығайтуымыз керек. Режеп Тайып Ердоған мырза айтқандай, XXI ғасыр түрік әлемінің ғасыры болады» деп айтты.

Шарада сөз сөйлеген Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы уәкілетті өкілі Әбсаттар Сырғабаев өз сөзінде «Түріксой жүзеге асырып жатқан іс-шаралардың маңызы зор. Бас хатшы Сұлтан Раевқа осындай маңызды жұмысты қолға алғаны үшін алғыс айтқым келеді» деді.

Проф.доктор Сүлеймен Қайыпов, Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероглу, оқытушы Осман Арыжан мен зерттеуші Сабырбек Бөрүбай Барпы Алыкуловтың өмірі мен өнері туралы баяндамаларын тыңдаушылармен бөлісті.

Шара соңында марапат рәсімінен кейін комуз ойналып, «Манас» дастаны орындалып, қонақтар естелік фотоға түсті.



Ұқсас жаңалықтар