Қырғызстан-Түркия бизнес форумы өтті

Форумның беташарында президент Жапаров сөз сөйледі.

2108928
Қырғызстан-Түркия бизнес форумы өтті

Бішкекте Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың жетекшілігімен Қырғызстан-Түркия бизнес форумы өтті. Форум Қырғызстан Министрлер Кеңесінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиев, Түркияның Түркиядағы елшісі Ахмет Садык Доған, Бішкек мэрі Айбек Жунушалиев және Түркиядан келген 60 іскер делегацияның қатысуымен өтті.

Шараның ашылуында сөйлеген сөзінде Жапаров үкімет ретінде екі елдің қарым-қатынасын жақсартатын тың идеялар мен жаңа жобаларға ашық әрі дайын екендерін баса айтты. Түрік іскерлерін Қырғызстанға инвестиция салуға шақырған Жапаров «Түркиямен сауда және экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды Қырғызстанның стратегиялық артықшылығы деп санаймыз» деді. Ол Бішкекте жұмыс істейтін Қырғыз-түрік достық мемлекеттік ауруханасының екі ел арасындағы қарым-қатынастардың табысты дамуы үшін үлгі екенін атап өтті.

2023 жылдың екі жақты қарым-қатынастар үшін өте пайдалы жыл болғанын айтқан Жапаров екі жақты сауданың тұрақтылығы үшін Анкарада Қырғызстан Сауда өкілдігінің ашылғанын еске салды.

Қырғызстанның Экономика және сауда министрі Амангелдиев Қырғызстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы баяндама жасап, «Түркия - Қырғызстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі» деді. Амангелдиев елдегі ірі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендерін айтып, салық заңнамасында қабылданған нормалар және елдегі салықтан босату мүмкіндіктерімен бөлісті.

Қырғызстанда энергетика, өнеркәсіп, сауда, туризм және қаржылық ынтымақтастықтың келешегі зор салалар екенін атап көрсеткен Амангелдиев түрік іскерлерінен осы секторларда жұмыс істеуін сұрады.

Түркияның Бішкектегі елшісі Доған 2024 жылдың Түркия мен Қырғызстан арасындағы инвестиция және сауда қарым-қатынастарында айтарлықтай ілгерілеушілік болатын жыл болуын қалайтындарын және Түркия ретінде осы мақсатқа жету үшін талпынғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар