Алматы қаласының маңында 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі болған кезде қалада ескерту дабылы берілді.

2110558
Алматы қаласының маңында  6,1 балдық жер сілкінісі болды

Қазақстанның оңтүстігі Алматы қаласының маңында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды.

ҚР ТЖМ Сейсмикалық станса орталығының мәлімдемесіне сәйкес, эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде болған, магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 11.22-де болды.

Жер сілкінісі болған кезде қалада ескерту дабылы берілді. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімдемеде көшеге шыққан қала тұрғындарына үрейленбеу керектігі ескертілді.

Мәлімдемеде адам шығыны болмағаны және шығын туралы ақпарат жинау жұмыстарының жалғасып жатқаны хабарланды. Жер сілкінісі көршілес Қырғызстанның астанасы Бішкекте де сезілді.



Ұқсас жаңалықтар