Қазақстан Премьер-министрі жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Бектенов ресейлік әріптесі Мишустинмен делегация аралық кездесу өткізді.

2111128
Қазақстан Премьер-министрі жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Bektenov_Kazakça_KZ_Kazakistan_Başbakan

Қазақстанның жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей астанасы Мәскеуге барды.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Бектенов Мәскеуге Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің шақыруымен барды.

Бектенов ресейлік әріптесі Мишустинмен делегация аралық кездесу өткізді.

Кездесуде үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ағымдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасында қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.

Мәдениет және білім салаларындағы өзара іс-қимылды саралай отырып, тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіптік ынтымақтастық, энергетика, ауыл шаруашылығы, азаматтық авиация және көлік салаларында да бірлескен іс-қимылдарды айқындады.

Елдер арасындағы қарым-қатынастың барлық салада тиімді дамып келе жатқанына тоқталған Бектенов өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың жақсы деңгейде екенін білдірді.

Мишустин сөз кезегінде Қазақстанмен өзара сыйластық, сенім және стратегиялық әріптестік қағидаттарына сай қарым-қатынастарды нығайтуға басымдық беретінін мәлімдеді.

Өнеркәсіп, энергетика, фармацевтика, көлік инфрақұрылымы және цифрлық технология салаларында ауқымды жобаларды жүзеге асырғандарын айтқан Мишустин «Ресей мен Қазақстанның көлік және логистика саласында зор ынтымақтастық әлеуеті бар деп ойлаймын. Ең маңыздысы Еуразияның транзиттік жолдары біздің елдеріміздің аумағы арқылы өтеді» деді.

Өткен айда премьер-министр болған Бектенов Ресейден кейін Өзбекстанда да кездесулер өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар