Қазақстанда Рамазан айының алғашқы ауызашары өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты құттықтады.

2113841
Қазақстанда Рамазан айының алғашқы ауызашары өтеді

Бүгін Қазақстанда «Он бір айдың сұлтаны» Рамазан айының алғашқы ауызашары өтеді.

Рамазан айының басталуымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты құттықтады.

Қазақстан Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы халықты қайырымдылық шараларға атсалысуға шақырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қасиетті айдың басталуымен құттықтады. Тоқаев жолдауында «Рамазан – мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағы жарқырай түсетін кезең. Біздің халқымыз келісім мен өзара түсіністікті сақтай отырып, тұрақты даму жолымен жүретініне сенемін», - деді.

Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы  да баспасөзге мәлімдеме жасады. Тағанұлы жұртшылықты «Рамазан сөмкесі», «Рамазан тәттісі» және «Рамазан сыйы» науқандарына үлес қосуға шақырды.

Сондай-ақ ол кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге шақырды.

Кеше түнде Қазақстан халқы мешіттерді лық толтырып, ораза айының алғашқы тарауық намазын оқыды.



Ұқсас жаңалықтар