Бердімұхамедов Ердоғанға алғыс айтты

Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Ердоғанға екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

2114251
Бердімұхамедов Ердоғанға алғыс айтты

Түрікменстанның ұлттық көшбасшысы Құрбанқұлы Бердімұхамедов президент Режеп Тайып Ердоғанға екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

«TRT Haber» арнасының  сұрақтарына жауап берген Бердімұхамедов Түркияның ішінде де, сыртында да құрметке ие, миллиондаған көрермені бар «TRT Haber» арнасына сұхбат берудің бір ғанибет екенін және түрік мемлекеттері арасында қарым-қатынастар туралы көзқарасын кеңінен жеткізуге мүмкіндік бергенін айтты.

Түрік халықтарының шығу тегі бір екенін айтқан Бердімұхамедов "Бұл жағдай біздің өзара қарым-қатынасымызға ерекше мағына береді. Біз тәуелсіз, егемен мемлекет болсақ та, ұзақ мерзімді мақсаттарымыз бен мүдделеріміз ортақ екенін ұмытпаймыз" деді.

Түрікменстанның ұлттық көшбасшысы Түрік Мемлекеттері Ұйымын түркі елдері арасындағы достық қарым-қатынасты, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуды мақсат ететін ұйым, болашағы зор және сенімді халықаралық серіктес ретінде көретінін мәлімдеді.

Бердімұхамедов президент Ердоғанға екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға көрсеткен қамқорлығы мен сезімталдығы үшін алғысын білдірді.

«Түрікменстан Президенті (Сердар Бердымхамедовтің) жақында оны (Президент Ердоған) «Түрікмен халқының құрметті Ақсақалы» деп жариялағаны президент Ердоғанның түркі әлеміне қызметінің көрсеткіші» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар