Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықты нығайтады

Әзербайжан-Қазақстан мемлекетаралық жоғары кеңесінің отырысы өтті.

2114351
Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықты нығайтады

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ресми кездесулер үшін Бакуге барған Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Әлиев Тоқаевты ресми рәсіммен қарсы алды. Екіжақты кездесуден кейін тиісті министрлер мен ресми тұлғалардың қатысуымен Әзербайжан-Қазақстан мемлекетаралық жоғары кеңесінің отырысы өтті.

Әлиев бауырлас Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы және инновациялық ілгерілеудегі жетістіктеріне қуанышты екендерін айтып, «Қазақстан – біздің сенімді досымыз, әрі одақтасымыз» деді.

Әзербайжанның 2-ші Қарабах соғысында Арменияға қарсы жеңіске жетуіне және оның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қалпына келтіруіне қуанышты екенін айтқан Тоқаев «Қазақстан мен Әзербайжан шын мәнінде стратегиялық серіктес және одақтас» деді.  Тоқаев екі ел арасындағы сауда көлемін ұлғайту бойынша күш-жігердің жалғасып жатқанын, әлеуеттің зор екенін және табысқа жететін күндердің алыс емес екенін айтты.

Кездесуден кейін Әлиев пен Тоқаев Қытай-Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Орталық дәліз арқылы Бакудың Апшерон станциясына бара жатқан контейнерлік пойыздың келуін тікелей байланыс арқылы тамашалады. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Әлиев пен Тоқаев «Әзербайжан-Қазақстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 1-ші отырысының шешіміне» де қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар