Қазақстанда Наурыз жаңаша тойланатын болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен елде Наурыз мейрамы 10 күн бойы тойланады.

2115534
Қазақстанда Наурыз жаңаша тойланатын болды

Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлау ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылды.

Биылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Наурыз мерекесі жаңа форматта өтеді.

Наурыз мейрамының 14-23 наурыз аралығында тойлануы және бұл кезеңді «Наурызнама» деп атау ұсынылды.

Жаңа өзгерістер аясында Наурыз мерекесінің логотипі бекітілді.

Жаңа формат аясында Көрісу күні, Қайырымдылық, Ұлттық дәстүр, Отбасы, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт түрлері, Ынтымақ, Бірлік, Жаңа жыл және Тазалық күндері аталып өтіледі.

23 наурызда жалпыұлттық экологиялық науқан өткізіліп, мереке аяқталады.

«Наурызнама» онкүндігінде елдің барлық аймақтарында ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған бағдарламалар өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар