Байрамов «Біз өте маңызды жаңалықтардың куәгері боламыз» деді

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Әзербайжанның Түркия мен Грузияның негізгі инвесторларының қатарында екенін еске салды.

2116014
Байрамов «Біз өте маңызды жаңалықтардың куәгері боламыз» деді

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов экономика, сауда, инвестиция, көлік, ауыл шаруашылығы, жоғары технология және туризм салаларында жаңа жобаларды талқылағандарын білдірді.

Байрамов «Біз жаңа және өте маңызды жаңалықтардың куәгері боламыз» деді.

Байрамов Түркия-Әзербайжан-Грузия үшжақты сыртқы істер министрлерінің 9-шы кездесуінен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында үш ел арасындағы қарым-қатынастарды бағалады. Байрамов «Әзербайжан, Түркия және Грузия арасындағы қарым-қатынастардың күн тәртібі көп қырлы және сонымен бірге көптеген елге үлгі болып табылады» деді.

Байрамов қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту үшін Баку декларациясына қол қойғандарын айтып, былай деді: «Экономикалық қарым-қатынастарымыздың динамизмі саяси диалогқа толық сәйкес ілгерілеуде. Біздің бірлескен күш-жігерімізбен аймаққа кеңейіп, энергетика және көлік карталарын қалыптастырған және айтарлықтай өзгерткен  Баку-Тбилиси-Карс Темір жол жобасы, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры, Оңтүстік газ дәлізі сияқты жобаларды жүзеге асыру болып табылады» .

Байрамов Әзербайжанның Түркия мен Грузияның негізгі инвесторларының қатарында екенін еске салды.

Байрамов «Экономика, сауда, инвестиция, көлік, ауыл шаруашылығы, жоғары технология және туризм салаларындағы жобаларды талқыладық. Жаңа жобаларды қолға алдық. Жақын арада жаңа және өте маңызды жаңалықтардың  куәгері боламыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар