Денсаулық сақтау министрлері Қазақстанда бас қосты

Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің денсаулық сақтау министрлері бас қосты.

2115789
Денсаулық сақтау министрлері Қазақстанда бас қосты
KZ_Kazakistan_ŞİÖ_Sağlık_Astana_kazakça

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің денсаулық сақтау министрлері Қазақстанда бас қосты.

Қазақстанның бас қаласы Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің денсаулық сақтау министрлері бас қосты.

Үндістан, Қытай, Иран, Пәкістан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан денсаулық сақтау министрлері мен ресми тұлғалары Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ұйымдастыруымен «Цифрлық үкімет» кеңсесінде өткен ШЫҰ елдері Денсаулық сақтау министрлері кеңесінің 7-ші отырысына қатысты.

Астанадағы жиналысқа сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Ниязалиев және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар