"Армениямен бейбітшілікке бұрынғыдан да жақынбыз"

НАТО Бас хатшысы Әзербайжанға барып, президент Ильхам Әлиевпен кездесті.

2116592
"Армениямен бейбітшілікке бұрынғыдан да жақынбыз"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен бейбітшілікке бұрынғыдан да жақын екенін айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Оңтүстік Кавказ сапарының алғашқы аялдамасы ретінде Әзербайжанға барып, президент Ильхам Әлиевпен кездесті.

Кездесуде Ильхам Әлиев НАТО-мен қарым-қатынастарының 30 жылдан астам тарихы бар екенін, Әзербайжан бітімгерлерінің Косово мен Ауғанстанда қызмет еткенін және бұл олар үшін үлкен тәжірибе болғанын айтты.

Арменияның жылдар бойы басып алған Әзербайжан жерлері, 2-ші Қарабах соғысы және 2023 жылдың қыркүйегіндегі террормен күрес операциясына тоқталған Әлиев «Әзербайжан өзінің территориялық тұтастығы мен егемендігіне қол жеткізді. Бұл қаншалықты ұзаққа созылған қақтығыстарды қалай шешуге болатынын көрсетеді. Қақтығыс әскери және саяси жолдармен шешілді. Біз БҰҰ жарғысы бойынша өзімізді қорғау құқығымызды қолдандық» деді.

Әлиев Армениямен бейбіт келіссөздердің жалғасып жатқанына тоқталып, «Бейбітшілікке бұрынғыдан әлдеқайда жақынбыз» деді.

Столтенберг Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік үдерісіне қатысты «Сіздің бейбітшілікке бұрынғыдан да жақын екендігіңізді білдіретін сөздеріңіз мен үшін қымбат. Бұл мүмкіндікті тұрақты бейбітшілікке жету үшін пайдалануыңызды қолдаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар