Қырғызстан мен Тәжікстан арасында келісімге қол жеткізілді

Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының тағы 10,7 шақырымы бойынша хаттамаға қол қойды.

2116847
Қырғызстан мен Тәжікстан арасында келісімге қол жеткізілді

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында талас болған 10,7 шақырымдық шекара учаскесі бойынша келісімге қол жеткізілді.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге қарағанда, 12-17 наурызда Тәжікстанның Согдий облысындағы Бустон қаласында шекараны анықтау комитеттері бас қосты. Жұмыс топтары келісімге келіп, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының тағы 10,7 шақырымы бойынша хаттамаға қол қойды.

Келесі кездесу Қырғызстанда өтеді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шамамен 970 шақырымдық шекараның 503 шақырымы талас болып отыр.



Ұқсас жаңалықтар