Каспийде Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы

Қазақстан мен Түркия делегациялары Астанада бас қосты.

2116990
Каспийде Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы

Қазақстан мен Түркия делегациялары Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық тақырыптарын талқылады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, министр Шыңғыс Әринов бас қала Астанада Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Билал Дурдалы басшылығындағы түрік делегациясымен бас қосты.

Кездесу барысында теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға шара қолданатын кемелер мен ресурстарды қорғау бойынша ынтымақтастық талқыланды.

Түркияның маңызды және сенімді серіктес екенін атап көрсеткен Аринов кеме жасау саласындағы ынтымақтастықтың өзара қарым-қатынастардағы маңызды элемент болуы мүмкін екенін білдірді.

Әринов Каспий теңізінің Қазақстан тарапына тиесілі бөлімшелерде төтенше жағдайларға дереу шара қолдану қабілетіне ие «кәсіби жедел құтқару қызметін» құруды қарастырып жатқандарын атап көрсетті.

Министр Әринов бұл жұмыстар арқылы Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мұнай төгілуіне, кеме апаттары мен өртке қарсы әрекет ету, құтқару жұмыстары сияқты теңізде және құрлықтағы түрлі операцияларды дереу жүргізуге болатынын мәлімдеді.

Түрік тарапы аталмыш қызметтің міндеттеріне сай заманауи технологияларды ұсынған кездесуде Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар