ТМҰ Ауыл Шаруашылығы министрлері Қазақстанда жиналды

ТМҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің 3-ші отырысы Тараз қаласында өтті.

2118264
ТМҰ Ауыл Шаруашылығы министрлері Қазақстанда жиналды

Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің үшінші отырысы Қазақстанның Тараз қаласында өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ұйымдастырған жиынға Әзербайжан Ауыл шаруашылығы министрі Межнун Меммедов, Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрі Ибрагим Абдурахмонов, Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Кубат Қасейінов, Түркия Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Эбубекир Гизгидер мен ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев қатысты.

Сапаров жиынның ашылуында айтқан сөзінде Қазақстанның жалпы тауар айналымының 28 пайызының ТМҰ-на мүше елдерге тиесілі екенін атап, «Жапаров жиынның ашылуында сөйлеген сөзінде Қазақстанның жалпы тауар айналымының 28 пайызы ТМҰ-на мүше елдерге тиесілі екенін айтып, «Қазақстан жайылымдық көлемі жөнінен әлемде 5-ші ел. Мал шаруашылығы әрі дәстүрлі, әрі болашағы зор салалардың бірі. Сондықтан мал шаруашылығы өнімдерін сатуға басымдық береміз. Осы тұрғыда Қазақстанның Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан және Венгрия нарықтарына жоғары сапалы ет өнімдерін жеткізуге дайын екенін айтқым келеді» деді.

ТМҰ Бас хатшысы Өміралиев болса, жиналыстың ауыл шаруашылығы саласында мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ түрік халықтарын тұрақты және сенімді азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды екенін айтты.

«ТМҰ» аясында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі талқыланған жиын соңында мүше елдер бірлескен декларацияға қол қойды.

Декларацияда тараптардың егжей-тегжейлі пікір алмасып, ауылшаруашылық өнімдерінің өзара саудасын арттыру, ауыл шаруашылығын сақтандыру бағдарламаларын ынталандыру және тиісті салаларда зерттеу жұмыстарында ынтымақтастықты кеңейту туралы келіскендері атап көрсетілді.

Декларацияда жергілікті және климатқа төзімді ауылшаруашылық өнімі сорттарын қорғау және тарату үшін өңірлік тұқым банкін құру бойынша күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығына назар аударылды. Сонымен қатар ТМҰ-на мүше елдер арасында жалпы цифрлық ауылшаруашылық деректер платформасын құруды жылдамдату тақырыбында келісімге келгені білдірілді.

Декларацияда 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап, бір жылға «ТМҰ Ауыл шаруашылығы астанасы» деп жариялау және ауыл шаруашылығы министрлерінің келесі отырысын Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткізу туралы шешім қабылданғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар