Қазақстан Президенті Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Президент Алматы қаласына жұмыс сапармен барды.

2118725
Қазақстан Президенті  Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» алаңында өткен мерекелік іс-шарада Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде төл жаңа жылымыз Наурыз мейрамын ата дәстүрімізге сәйкес барша жұртымыздың бір ел, бір халық болып қарсы алатыны жөнінде айтты.

«Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді” деді ол.

 Қасым-Жомарт Тоқаев жаңару мен жаңғырудың символына айналған Наурыз мейрамы биыл қоғам дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіретінін атап өтіп, барлық азаматтың жүрегінен орын алатын іргелі құндылықтардың айқындалғанына назар аударды.

 

Дереккөз және сурет – Қазинформ



Ұқсас жаңалықтар