Мұрат Нұртілеу  Энтони Блинкенмен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.

2121062
Мұрат Нұртілеу  Энтони Блинкенмен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда елорда Вашингтонда кездескен Нұртілеу мен Блинкен екі ел арасындағы саяси, сауда, экономикалық және гуманитарлық салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің даму үдерісін талқылады.

Қазақстан мен Америка Құрама штаттары арасында кейінгі бір жылда тауар айналымы 33%-ға өсіп, 4 миллиард долларға жетті. Сыртқы істер ведомство басшылары елдер арасындағы энергетикалық қауіпсіздік, маңызды пайдалы қазбалар, климат, бітімгершілік және басқа да саладағы ынтымақтастықты жоғары бағалады. Мұрат Нұртілеу озық америкалық технологияларды тарту, іскерлік байланыстар орнату және өзара тиімді сауда қатынастарына қол жеткізу арқылы Қазақстанның көлік-логистикалық, инфрақұрылымдық, сауда-инвестициялық әлеуетін жүзеге асыруға баса назар аударды. АҚШ-тың  Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелі реформаларының іске асуына Вашингтон барынша қолдау көрсетуге дайын деп атап өтті. Тараптар С5+1 (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан) диалогын кеңейту және былтыр Нью-Йоркте өткен осы форматтағы бірінші Саммиттің келісімдерін орындау мәселелерін талқылады.



Ұқсас жаңалықтар