Әзербайжан жаралы әскерлері Түркияда емделеді

"Өмір қоры"  осының алдында  да 3 жаралы әскерді Түркияда емдеуге жолдаған болатын.

1586403
Әзербайжан жаралы әскерлері Түркияда емделеді

Таулы Қарабахтағы соғыста жараланған Әзербайжанның 10 әскері емделу үшін Түркияға әкелінді.

Шейіт отбасылары мен ардагерлердің қиыншылықтарын шешу үшін Әзербайжан елі құрған "Өмір қоры" тарапынан жасалған мәлімдемеде әзербайжандық дәрігерлердің көзқарастарына сай 10 ардагердің тексеру, емделу және реабилитация процесін Түркияда жалғастырылатыны хабарланды. 

Мәлімдемеде  "Өмір қорының" бұдан былай да қажет деп қаралса, ауыр жаралы әскерлерді емдеу үшін шетелге жолдайтыны білдірілді.

"Өмір қоры"  осының алдында  да 3 жаралы әскерді Түркияда емдеуге жолдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар