"Армения еш уақытта мұндай аянышты жағдайға түскен емес"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның еш уақытта мұндай аянышты жағдайға түспегенін айтты.

1590796
"Армения еш уақытта мұндай аянышты жағдайға түскен емес"

Әлиев шейіттер мен ардагерлердің отбасыларға баспана табыс ету рәсімінде Арменияда күн сайын ішкі қақтығыстардың жалғасқанын, демократиялық қағидаларды ешкімнің елемегенін атап көрсетті.

«Армения еш уақытта мұндай аянышты жағдайға түскен емес. Оларды бұл жағдайға ұшыратқандар әрі елді 20 жыл бұрын басқарған Кочарян-Саркисян режимі, әрі олардан кейін келетін әкімшіліктер» деген Әлиев Арменияда ішкі бүліктер, топтық тұтқындаулардың басталғанын еске салды.

Соғыстан кейінгі кезеңде Әзербайжанның өркендеуін жалғастырғанын, Таулы Қарабахты қайта қалпына келтіру жұмыстарының жалғасқанын, Арменияның болса үлкен дағдарыста екенін айтқан Әлиев «Бірін-бірі айыптауда. Әрдайым шетелдік өкілдер бізге Арменияның қоғамдық бірлік құрғанын, олардың бір екенін айтатын. Қазір бұл бірлік қайда? Бұл жеңіліс себепті бірін-бірі айыптауда. Бізге демократия сабағы берген еуропалық ұйымдар мен үкіметтер Армениядағы оқиғаларға көзін жұмған. Армениядағы оппозиция күн сайын қысымға ұшырап, тұтқындалуда және өлтірлуде. Бірақ мұны ешкім көріп жатқан жоқ. Бұл нені көрсетеді? 30 жылдық тарих бұл жеңістің тек қана Арменияға қарсы еместігін тағы бір рет көрсетті. Ұйымдасқан және күшті орталар бізге қарсы бірігіп, жерімізді мәңгі оккупацияда ұстағысы келді. Армения тек қана бір құрал болатын. Бұл опасыз жоспарды жермен-жексен қылып, әділетті қайтадан орнаттық» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар