Пакдемирли Әзербайжанға қолдау жалғасатынын айтты

Әзербайжан премьер-министр Али Асадов Пакдемирлині қабылдады.

1603306
Пакдемирли Әзербайжанға қолдау жалғасатынын айтты

Ауыл шаруашылығы және Орман министрі Бекир Пакдемирли Арменияның жаулап алауынан құтқарылған аймақтардың ауыл шаруашылық тұрғысынан өркендеуі үшін Әзербайжанға әр түрлі қолдау берілетінін білдірді.

 Әзербайжан премьер-министр Али Асадов Пакдемирлині қабылдады.

Кездесуде Әзербайжанның Таулы Қарабахта ұлы жеңіске жеткенін ескерткен Пакдемирли әскери жеңістің экономикалық жеңіспен бекемделуі керектігін айтты.

Қарабах аймағының өркендеуі маңызды екенін айтқан Пакдемирли:

"Соғыста және бейбітшілікте Түркия әрқашан бауырлас Әзербайжанның қасында болды.Түркияның ауыл шаруашылығында маңызды жетістіктері бар. Еуропада бірінші, әлемде 10-шы орында. Әзербайжандық бауырластарымызбен бірге елдеріміздегі өндірісті және ынтымақтастықты арттыруға талпынамыз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар