Түркия мұнайдағы мақсатын арттырды

Энергетика әлемі – 17

2130355
Түркия мұнайдағы мақсатын арттырды

Түркия республика тарихындағы мұнай өндіру рекордын жаңартты. Жалпы тәуліктік өндіріс 100 мың баррельден асты.

Габарда табылған мұнай бұл процесте ең маңызды рөлді атқарды. Шейіт Айбүке Ялчын мен шейіт Эсма Чевик мұнай кеніштеріндегі күнделікті өндіріс 40 мың баррельден асты.

Осылайша Түркия 2024 жылы мұнай өндіру нысанасын жылдың үшінші айы аяқталмай тұрып орындады.

2024 жылға арналған жаңа мақсат алдымен 150 мың баррельге, кейін 200 мың баррельге жету болатын.

Түркия мұнайлары акционерлік серіктестігі (TPAO) Шейіт Айбүке Ялчын мұнай кен орнындағы жалпы мұнай резерві көлемінің шамамен 1 миллиард баррель, өндірілетін резерві болса шамамен 600 миллион баррель деп болжалады.

Шырнак өндірісте маңызды орынға ие болғанымен, бұл кен орындары өте қысқа мерзімде кеңейтіледі.

Алдымен Хаккари мен Ванда өте қысқа мерзімде жаңа бұрғылау жұмыстары басталады.

Бұл аймақта әсіресе шейіт лейтенант Исмаил Джан Акдениз аймағынан алынған айтарлықтай көлемде мұнай резерві бар деп есептеледі. Бұрғылау жұмыстарының 2 мың 500-ден 4 мың 500 метрге дейінгі тереңдікте шоғырланғандығы баса айтылады.

Ұзақ мерзімді перспективада 14 қаладағы 18 кен орнында мұнай іздеу жұмыстары басталады.

Қалалар арасында Ван мен Хаккариге қоса Газиантеп, Анталия, Чанаккале, Шанлыурфа, Зонгулдак, Диярбакыр, Бартын, Карабүк, Кастамону, Элазығ, Эдирне, Кахраманмараш және Килис те орын алады.

Мұнай өндірісінің артуымен Түркияның бастапқыда мұнай қажеттілігінің 20 пайызын ұлттық ресурстардан қамтамасыз етуі күтілуде. Мұның да ағымдағы шот тапшылығын жабу бағытында басылған оң қадам екені баса айтылуда.

Жаңа резервтердің түрік экономикасына жылдық үлесінің 3 миллиард доллардан асатыны болжалады.

Габарда мұнай құбыры салынып жатыр

Түркия қазір аймақтағы мұнайды құрлық арқылы тасымалдайды. Дегенмен Габар мен аймақтағы басқа мұнайды негізгі желілерге тасымалдау үшін құбыр жұмыстары жалғасуда.

Габардан BOTAŞ-тың Идил станциясына дейін шикі мұнай құбыр желісі салынуда. Желінің жартысына жуығы салынып бітті. Қарастырылып отырған мұнай Идил станциясынан Джейхан мен Дөртйолға жеткізіледі. Бұл мұнай экспортын жеңілдетуге жол ашады.

Дегенмен Түркияның мұнай тәжірибесі тек құрлықтағы кен орындарымен шектелмейді.

Теңіз аумақтарындағы іздеу жұмыстары 4 бұрғылау кемесімен бәсеңдемей жалғасуда. «Фатих», «Явуз» және «Кануни» бұрғылау кемелері Қаратеңізде сейсмикалық зерттеу және бұрғылау жұмыстарын жүргізсе, «Абдулхамид Хан» кемесі негізінен Жерорта теңізі аймағында сейсмикалық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстарын жүргізуде.



Ұқсас жаңалықтар