Қытай Қазақстанды дәлізді бірлесіп салуға шақырады

Қытай Қазақстанды «Белдеу және жол» бастамасының жаңа дәлізін бірлесіп салуға шақырды.

2122650
Қытай Қазақстанды дәлізді бірлесіп салуға шақырады

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Қытай-Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің стратегиялық келіссөздерінің бірінші отырысы бас қала Пекинде жүзеге асты.

Жиында сөз сөйлеген Қытай Сыртқы істер министрі Ванг И екі елдің тарихи Жібек жолы бағытындағы шығыс пен батыс саудасын жандандыруды көздейтін «Белдеу және жол» бастамасы аясында ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, «Сапалы, тұрақты және серпінді жаңа байланыс дәлізін бірге салайық» деп ұсынды.

Ванг екі ел арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жылдары даму қарқынына ие болып, көршілес елдер арасында өзара сенім, қолдау және ынтымақтың жақсы үлгісіне айналғанын атап көрсетті.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу болса Қазақстанның сыртқы саясатында Қытаймен ынтымақтастықты басым бағыты ретінде көргенін және бұл елмен саяси сенімді, халықтар арасындағы өзара ықпалдастықты және өзара мүдделестікті дамыту, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша тығыз үйлестіруді қамтамасыз етуді қалайтынын атап көрсетті.

Жиналыста тараптар «Белдеу және жол» ынтымақтастығы, жергілікті бөлімшелермен құқықтық тұрғыдан өзара ықпалдастықты арттыру, шетелдік операциялар мен дендеп ену әрекеттеріне қарсы бірлесіп күресу және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты жақсарту, Қытай-Орталық Азия келіссөздері, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім арттыратын шаралар жөніндегі кеңес және Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты көпжақты орталарда ынтымақтастықты күшейту тақырыптарында келісті.

Қазақстан Қытайдың Еуразиямен саудасы үшін маңызды дәліз болып табылатын Орталық Азия елдері арасында ерекше орынға ие.

Қытай Мемлекеттік басшысы Си Цзиньпин «Белдеу және жол» бастамасын алғаш рет 2013 жылы Қазақстанға сапары кезінде жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар