Қазақстандық студенттер қазақ мәдениетін таныстырды

Шара барысында қазақстандық студенттер Қазақстанды жан-жақты таныстырды.

2124193
Қазақстандық студенттер қазақ мәдениетін таныстырды

 

Карабүк университетінде қазақстандық студенттердің ұйымдастыруымен «Қазақстан студенттерінің іс-шарасы» өтті.

Шараға Карабүк университеті проректоры Исмаил Ракип Караш, университет Бас хатшысы Лүтфю Ком, ректордың кеңесшісі Нихат Йылмаз, академиктер мен студенттер қатысты.

Бағдарламаға қатысқанына қуанышты екендерін білдірген проректор Караш Қазақстанның Түркия Республикасы мен Карабүк университеті үшін орны ерекше екенін айтты. Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи бірлікке тоқталған Караш «Университетімізде болуыңыз өте маңызды. Қазіргі уақытта біздің қазақстандық студенттер саны 600-ден асты.  Шетелдік студенттер арасында төртінші орында тұр. Бұл  - біз үшін мақтаныш» деді.

 Шара барысында қазақстандық студенттер Қазақстанды жан-жақты таныстырды.  Студенттер домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқап, өлең оқыды.



Ұқсас жаңалықтар