Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды

Қазақстанда су тасқынымен күрес жалғасуда.

2124864
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды.

Тоқаевтың жұмыс сапары су басқан ауылдардың үстінен ұшудан басталды.

 Президент облыстың су басқан елді мекендерін тікұшақпен қарап, аудандардағы бүгінгі ахуалдан хабардар болды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Орал қаласы мен 6 ауданды су басқан. Су тасқыны 552 үй мен 427 жер телімін зақымдады.

Су тасқынының алдын алуға 1911 адам, 332 техника мен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық адам эвакуацияланып, шұғыл эвакуациялау пункттері құрылды.

Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 63 миллион теңге бөлінді.

Өңірдегі жұмыстарға Алматы және Маңғыстау облыстарынан да құтқару жасақтары қатысуда. Жұмыстар аясында су тарту және су құбырларын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.



Ұқсас жаңалықтар